{metadescription}
Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдады

Тоқаев Атырау облысының әкімін қабылдады

Өңірде өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда өсім байқалады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметовты қабылдады. Әкім алдымен облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі, шағын және орта бизнес, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы басқа салаларда өсім байқалады. Аймақ жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, инвестиция және құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан республика бойынша бірінші орынға шықты.

"Биыл 19 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Ал жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 864 адам жұмысқа орналасты. Осы уақытқа дейін "Еңбек" бағдарламасы аясында 24 348 адам жұмыспен қамтылды. Биыл 9 айда 646,3 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни, 4 882 пәтер пайдалануға берілген. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 41,6 процентке көп", - дейді Досмұхаметов.

Бұдан бөлек, 2025 жылға дейін елді мекендерде 540 мың көшет отырғызылған. Сондай-ақ, облыс әкімі эпидемиологиялық жағдай мен вакциналау шаралары бойынша есеп берді.

Әкімнің сөзіне қарағанда, жақында бекітілген Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қордаланған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Президент аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.