{metadescription}
Нұр-Сұлтанда көп балалы ана жоғалып кетті

Нұр-Сұлтанда көп балалы ана жоғалып кетті

Бір аптадан бері полицейлер Қазақстанның астанасы іргесіндегі Қосшы қаласының із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғыны Сандуғаш Бекішеваны іздестіріп жатыр.

Әйел 19 қазанда телефонсыз және құжатсыз үйден шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ. Оны үйінде күйеуі мен төрт баласы күтіп отыр. 30 жастағы Сандуғаш Бекішеваның жоғалып кеткені туралы полицияға оның күйеуі хабарлаған.

"Әйел 19 қазан күні кешке үйден шығып кеткен. Оның қайда кеткені белгісіз. Полиция департаменті мен облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы, қоғам болып бұл фактіге назар аударып, аумақтық бөлімшелерге нұсқау жіберілді”, – деді Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сандуғаш бес баланың анасы екені белгілі. Туысқанының айтуынша, үлкен екі баласы туыстарының үйінде тұрады. Күйеуі құрылыста жұмыс істейді. Жоғалған әйелдің сырт белгілері: бойы 150-160 см, орта денелі, шашы қара, тік мұрынды. Ол қара спорттық шалбар мен қара кроссовка киген.

Полицейлер жоғалған әйел туралы қандай да бір мәлімет білетіндерді 102 нөміріне немесе еріктілердің + 7 702 759 94 47 нөміріне хабарлауын сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.