{metadescription}
Қазақстандық жасөспірім маникюр бойынша халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Қазақстандық жасөспірім маникюр бойынша халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Бұған дейін бұл кәсіп оған тек сал ауруына шалдыққан ағасын емдеуге жұмсалатын табыс әкелетін.

Арулат есімді қазақстандық 14 жасар жасөспірім Сочиде өткен халықаралық маникюр байқауында жеңімпаз атанды. Ол бұл жарыстың ең жас қатысушысы және ересектер мен тәжірибелі мамандарды басып озды. Бала өзінің жетістігі туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Алғаш Олимпиада кубогын, медалін және дипломын алдым. Екі жыл бұрын мен бұл туралы армандайтынмын. Қазір мені қолдайтын мейірімді жандар көп. Баршаңызға рахмет. Сіз маған алға ұмтылуға және онымен тоқтап қалмауға күш бересіз. Алда жаңа мақсаттар мен жаңа міндеттер бар», - деп жазды жасөспірім.

Арулат маникюрмен тек жарыстарға қатысу үшін ғана емес, сонымен бірге бала сал ауруына шалдыққан ағасын үнемі емдеуге жұмсайтын ақша табу үшін айналысады. Сонымен қатар, жасөспірім бұл істен түскен барлық табысын отбасына береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.