{metadescription}
Бүгін Қарағандыда бірнеше қалааралық автобус жолға шықпады

Бүгін Қарағандыда бірнеше қалааралық автобус жолға шықпады

Бүгін таңертең Қарағандыдан жеті бағыт бойынша қалааралық автобустар жолға шықпады.

Облыс әкімдігінде аталмыш жағдайға түсінік берді. Бүгін таңертең қарағандылықтар қалааралық автобустардың болмауына қатысты наразылық білдірді. Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жолға №3 автопарктің 7 бағыт бойынша автобустары шықпаған.

Ол - Қарағанды-Теміртау, Қарағанды-Саран, Қарағанды-Абай, Қарағанды-Шахтинск, Қарағанды-Шахан, Қарағанды-Топар, Қарағанды-Егіндібұлақ бағыттарындағы жолаушы көліктері, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автопарк басшылығымен келіссөз жүргізіп, қосымша субсидия бөлу мәселесін талқылап жатыр. Қорытындысы қосымша хабарланады. Тасымалдауды тоқтату алдын ала келісілмеген және мемлекеттік органдарға бұл туралы дер кезінде хабарланбағанын атап өткен жөн», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.