{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 28 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан бір күнде 28 адам қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 27 қазан күні Қазақстан аумағында 25 адам - коронавирустан, тағы 3 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 4 науқастан.

Қостанай облысында - 3, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары мен Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - 2, Шымкент қаласы мен Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау обылстарында - бір адамнан көз жұмған. Тек Түркістан, Қарағанды, Атырау және Ақтөбе облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде