{metadescription}
Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Тәжікстанды жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы елордада Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізді.

Кездесуде құрамалар ойын барысында бір-бірінің осал тұсын табуға тырысты. Алғашқы минуттарда қонақтар шабуылға көбірек шықты. Десе де, уақыт өте келе қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алуға күш салды. Нәтижесінде 12-минутта Бактиер Зайнутдинов тәжікстандық қақпашының қателігін өз есебіне пайдаланып кетті.

Екінші кезеңде құрамалар таблодағы есепті өзгертуге тырысты. Қос құрама ойыншылары өз мүмкіндіктерін пайдалана алған жоқ. Кездесуде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Олардың барлығы жолдастық кездесу болып табылады. 4 кездесуде қазақстандық футболшылар басымдық танытса, 1 ойында тең нәтиже тіркелді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.