{metadescription}
Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұша алады

Қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен ұша алады

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

Мәжіліс Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасында Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, екі ел арасында келісімге 2019 жылы 30 желтоқсанда қол қойылды. Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан мен Америка арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру.

Келісім аясында тараптар әуе компаниялары, пункттер мен рейстер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін "әуе еркіндігінің" 5 деңгейімен шектеусіз ұша алады.

"Бұл - ел тарихындағы алғашқы "ашық аспан" режиміндегі келісім. Яғни, кез келген отандық әуе компания үшінші елдерге жолаушыларды жеткізу және әкелу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласынан Америка Құрама Штаттарының кез келген қаласына жолаушылар тасымалын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк тасымалын орындай алады", - деді Атамқұлов мәжілістің жалпы отырысында.

Әуе рейстерінің санына шектеу қойылмайды. Заң жобасы Қазақстан тарапынан қосымша бюджеттік шығындар мен міндеттемелерге алып келмейді, деп атап өтті министр. Мәжіліс заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.