{metadescription}
Қызылордада мал бағуға шыққан 12 жасар бала табылмай жатыр

Қызылордада мал бағуға шыққан 12 жасар бала табылмай жатыр

Оқиға Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылдық округіндегі Ажар елді мекенінде 16 қарашада болды.

Сол ауылда тұратын 2009 жылғы бала Дәулетбай Жанарыс Ғалымжанұлы сағат 09.00 шамасында елді мекеннің кезекпен бағылатын қойын жаюға шыққан. Алдындағы 200 қоймен шығыс беткейдегі 10-15 шақырымда орналасқан «Үшағаш» деген мал жайылымдық жерге қарай бағыт алған.

Содан бері үйіне қайта оралмаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетіп, іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ, оған ауыл тұрғындары, жасөспірімнің туған-туыстары, жедел құтқару қызметі, шекара қызметкерлері тартылған.

Бұл мақсатта автокөліктер мен арнайы техника жұмылдырылған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жасөспірімнің ерекше белгілері: бойы 140-150 см, дене бітімі арықтау, шашы қара. Үстінде қызыл түсті куртка, сары түсті сырмақ шалбар, қара қалпақ, аяғында қара қыстық аяқ киім бар. Іздеу жұмыстары Полиция департаменті бастығының қатаң бақылауында. Ауа райының күрт өзгеруі іздестіру жұмыстарын қиындатуда. Жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда облысы полиция департаментіне, Қазалы аудандық полиция бөліміне «102» арнасына, 8 (72438)21-5-17, 8-702-884-68-88, 8-702-892-05-01 шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз. Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Департамент мамандары облыс тұрғындарынан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылауды күшейтуге назар аудару қажеттігін еске салады. Сондықтан мал бағу және өзге жұ­мыстарға араластырмауды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.