{metadescription}
Өздігінен басқарылатын жүрдек пойыз алғаш рет сыналды

Өздігінен басқарылатын жүрдек пойыз алғаш рет сыналды

Жапонияның JR East теміржол компаниясының қызметкерлері алғаш рет өздігінен басқарылатын жүйесі бар «синкансэн» экспресін сынақтан өткізді.

Сәрсенбі күні таңертең жүргізілген сынақ кезінде 12 вагоны бар шапшаң жүретін пойыз жүргізушісі автоматты режимге өткізген соң, қолмен қандай да бір араласусыз жұмыс істеді. Е7 сериясындағы пойыз диспетчерлік пунктен қашықтықтан басқарылған. Бұл – Жапонияда өте шапшаң жүретін пойыздың автономдық жұмысының алғашқы сынағы.

Түпкі мақсаты машинистсіз жүретін пойыз болғанымен, сәрсенбіде өткізілген сынақ кезінде қандай да бір төтенше жағдайға әзір болу үшін оның ішінде бірнеше жүргізуші мен қызметкер болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ниигата стансасынан 5 шақырымға жуық жолдан өтіп, берілген максималды жылдамдық – сағатына 110 шақырымға жеткен пойыз синкансэн Ниигата вокзалында тоқтады.

JR East ресми өкілі автономды пойыздың тоқтау әдісі машинист жұмысына «тең келетінін» айтып, компания оны әлі де жетілдіру жұмыстарын жүргізетінін қосып өтті. Жапонияда темір жолда автоматты басқару жүйелері жердегі және өткелдері жоқ кейбір монорельсті жолдарда енгізілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.