{metadescription}
Шортанды ауданындағы жарылыс: төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр

Шортанды ауданындағы жарылыс: төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр

Пәтердегі жарылыс сол үйге тағы бір отбасы қонаққа келгенде болды.

Жарылыс кезінде пәтерде 12 адам болған. Ақмола облысы Шортанды ауданында болған жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орныбасары Манарбек Шапағатовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша газ баллонының жарылуына оны дұрыс пайдаланбау себеп болған.

Жарылыс кезінде пәтерде 12 адам: сол үйдегі 3 ересек пен 4 бала, сонымен қатар қонақа келген 2 ересек пен үш бала болған. Көрші пәтердегі тұрғындар жарылыс салдарынан зардап шеккен жоқ. Алайда өрттен көрші пәтерлердің шатырына зақым келген.

"Үш пәтердің шатыры өртеніп кетті. Өрт шыққан пәтерде жарылыс салдарынан төбе жабындысы құлады", - деді Шапағатов брифингте.

Жарылыс салдарынан үш адам - төрт жасар бала, 33 және 32 жастағы әйел көз жұмды. 10 адам зардап шекті. Олардың арасында балалар бар. Облыстық денсаулық сақтау басқарамасы басшысы Нариман Сыздықовтың айтуынша, төрт бала Нұр-Сұлтан қаласының №2 балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Жансақтау бөліміндегі балалардың жағдайы ауыр. 2009 жылы туған ұлдың жағдайы аса ауыр. 2012 жылы туған қыз жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды", - деді Сыздықов.

Сонымен қатар түрлі деңгейдегі күйік алған екі ер адам елорданың №1 ауруханасына жеткізілді. Тағы бір бала мен әйел Шортанды аудандық ауруханасында ем алып жатыр. Қалған зардап шеккендер амбулаториялық ем қабылдауда.

Еске сала кетейік, Ақмола облысындағы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.