{metadescription}
Шымкентте екі қылмыстық топқа қатысты іс сотқа түсті

Шымкентте екі қылмыстық топқа қатысты іс сотқа түсті

Қылмыстық топтардың бірі 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге жалған мәміле жасасқан.

Шымкентте жалған шот-фактураларды жазып берумен айналысатын екі қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, 8 адамнан тұратын қылмыстық топтың бірі 2018-2020 жылдар аралығында контрагент кәсіпорындарға материалдық сыйақы үшін жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берумен айналысқан.

Қылмыстық схеманың негізгі ұйымдастырушысының үйінде құжаттары мен мөрлері табылған. Осы ұйымдасқан қылмыстық топтың 16 шаруашылық жүргізуші субъектіге қатысы бар екені анықталды. Екінші қылмыстық топ бір күндік 21 компанияның атынан тауарлар мен қызметтерді жеткізуге ұқсас жалған мәмілелер жасасқан. Ал шарттар бойынша жұмыс көлемі іс жүзінде орындалмаған.

Олардың заңсыз әрекеті салдарынан мемлекетке 3,1 миллиард теңге сомасына салық түскен жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істер сотта қаралып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.