{metadescription}
Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады

Алматыда жаңа 190 троллейбус сатып алынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында троллейбус паркін модернизациялау туралы айтты.

«Алматылықтар арасында троллейбустар үлкен құрметке ие. Көліктің бұл түрі қалаға қажет, бірақ жаңарған нұсқада. «Алматыэлектротранс» паркін жаңарту туралы уәде орындалады», - дейді ол.

Әкім орынбасарының айтуынша, соңғы рет Алматы үшін троллейбустар 2012 жылы сатып алынған. Қазіргі уақытта қала бойынша 215 көлік жұмыс істейді, оның ішінде 34 троллейбусты есептен шығару жоспарлануда.

«Бүгінде троллейбус паркі 165 техника шығатын тоғыз бағытқа қызмет көрсетеді. Ай сайын жолаушылар ағыны шамамен 2,5 млн адам. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың АЭТ өтейтін банк қарызы есебінен 190 жаңа троллейбус сатып алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр», - деді спикер.

Сонымен қатар, қалада троллейбустардың жүру жолында 41 шақырымнан астам қолданыстағы кабельдер ауыстырылды. 600-ден астам жаңа тірек орнатылды, 172 шақырым байланыс желісі қайта жаңартылды, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл жұмыстар троллейбустардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жасалды.

«2021 жылдың тамыз айында Сейфуллин көшесіндегі 1-вокзалдан Райымбек даңғылына дейінгі троллейбустардың байланыс желілері ауыстырылды. Бүгінде осы учаскеде байланыс желілері үшін кронштейндерді орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Әуезов көшесі бойымен Гоголь көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі байланыс желілерін ауыстыру жұмыстары басталды. Жобаның аяқталу мерзімі – 2022 жыл», - деді әкімдік өкілі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде