{metadescription}
Онколог өкпе обырының негізгі симптомын атады

Онколог өкпе обырының негізгі симптомын атады

Медицина ғылымдарының докторы, ресейлік Михаил Давыдов өкпе обырының негізгі симптомын атады.

Оның айтуынша, дауыстың себепсіз қарлығуы - қатерлі дерттің негізгі белгісі болып табылады. Дәрігердің айтуынша, бұл симптом рак ісігі көмейдегі нервке қарай ұлғайғанда пайда болады. 

"Бірақ бұл белгі ауру әбден асқынғанда пайда болады", - деді онколог. Ол аурудың өзге симптомдарына - жөтел мен демікпе жататынын айтты. 

Давыдов өкпе обыры әлемдегі ең көп тараған дерт екенін атап өтті. Айтуынша, ол көбінесе 55 жастан асқан кісілерде болады. Ауруды дер кезінде анықтау үшін дәрігер өкпені компьютер томографиясына түсіріп тұруды сұрады. 

Әсіресе, COVID-19-бен ауырып, тексерілмеген адамдарға тамографиядан өткен жөн.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде