{metadescription}
Мәскеуде әзіл үшін көлік ұрлаған қазақстандық блогерлер сотталды

Мәскеуде әзіл үшін көлік ұрлаған қазақстандық блогерлер сотталды

Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасаған.

Мәскеудің Пресненск соты осы жылдың наурызында такси жүргізушімен әзілдесу мақсатында оның көлігін айдап әкеткен Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

"Сот айыпталушылардың әрқайсысын үш жыл алты айға бас бостандығынан айырды, олар жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - делінген Мәскеу прокуратурасының телеграм-каналында.

Оқиға наурыз айында болған. Үш блогер бизнес-кластағы таксиді шақырып, пранк жасауды ұйғарған. BMW жүргізушісі олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, жастардың бірі рөлге отырып, көлікті айдап кеткен, олардың бірі болған жағдайды камераға түсіріп алған.

Кейін айыпталушылар қайтып келіп, жүргізушіге онымен әзілдескенін түсіндірген. Полиция алдын ала сөз байласу арқылы көлікті айдап әкету бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.