{metadescription}
Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды

Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті.

Ол жансақтау бөліміне түскен. Шымкентте 7-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл туралы Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева хабарлады.

"Мектеп директорының сөзінше, 7-сынып оқушысы 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Медбике оны тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Анасына дереу хабар берілді", - деді Жанат Тәжиева.

Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Ол жансақтау бөліміне түскен. 20 қарашада таңертең анасы ұлының көз жұмғанын айтты. Жанат Тәжиеваның айтуынша, жасөспірім дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының 7-сыныбында білім алған. Ол жүрек ақауынан көз жұмды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.