{metadescription}
100 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

100 жастағы әжей ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті

Барбадоста тұратын Кэтрин Кверино жуырда 100 жасқа толды.

Бұрынырақта сәнді киімдер сатумен айналысқан ол ұзақ жасаудың құпиясымен бөлісті. Леоне Кэтрин Кверино мерейлі жасын балалары мен немерелерінің ортасында атап өтті. Балалары өзге елде тұрады. Егде жасына қарамастан, әжей жалғыз тұрады, өзіне-өзі қарайды. Тұрақты түрде шаштаразға барып тұрады. Жақындары күтуші жалдау туралы сөз қозғаса, әжей үнемі бас тартады. 

Квериноның айтуынша, ұзақ жасаудың ең басты құпиясы - Құдайға деген сенім, дұрыс тамақтану мен ішімдіктен бас тартуда. Соңғы 25 жылда ол ішімдік ішпеген, оның орнын шөп шаймен алмастырған. Сондай-ақ, Леоне Кэтриннің айтуынша, өмірге саналы көзқараспен қараған маңызды. 

"Сіз өзіңізге өзіңіз менеджерсіз. Сіздің өміріңізді өзіңізден басқа ешкім басқара алмайды. Оны саналы түрде жасайсыз болмаса жасамайсыз", - деді Кверино Barbados Today-ге берген сұхбатында.

Леоне Кэтрин өмірінің көп бөлігінде сәнді бутиктің менеджері әрі иесі болып жұмыс істеді. Қызмет бабымен Франция мен Ұлыбританияға жиі сапарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде