{metadescription}
Алматыда жаңа жылдық кештер өткізуге рұқсат етілді

Алматыда жаңа жылдық кештер өткізуге рұқсат етілді

Қазір қолданыстағы карантиндік талаптарға сәйкес Алматыда Ashyq жүйесіне тіркелген орындарда жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынбайды, алайда шектеулер бар.

Оның айтуынша, келушілер мен мекеме қызметкерлерінің Ashyq жүйесінде «жасыл» статусы болуы шарт. Сондай-ақ шектеулер Алматының жаңа жылдық мереке қарсаңында коронавирустың таралуы бойынша «жасыл», «сары», «қызыл» аймақта болуына қарай белгіленеді:

«жасыл» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 100 орыннан көп емес;

«сары» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 70 орыннан көп емес;

«қызыл» аймақта - толымдылығы 50%-ке дейін, 50 орыннан көп емес.

«Алматы қаласының «жасыл» аймақта тұрақты болуы ең алдымен мегаполис тұрғындарына байланысты – коронавирусқа қарсы белсенді түрде вакцина салдыру, маска тағу режимі мен арақашықтықты сақтау», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Оның сөзінше, Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай нашарласа, Ashyq жүйесіндегі нысандардың жұмыс режиміне қатысты карантиндік талаптар, соның ішінде жаңа жылдық отырыстар мен басқа да іс-шараларды өткізуге қатысты шаралар күшейтіледі.

Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұрса да жаңа жыл кештері мен отырыстарын өткізуге тыйым салған болатын.

Айта кетейік, Алматыда 22 қарашадан бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Қала 14 қарашада «жасыл» аймаққа өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде