{metadescription}
Елордада екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Елордада екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 туған екі әйел түрлі жарақатпен аураханаға жеткізілді.

Елордада екі автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар. CTS көліктік компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, № 20 жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кетіп, № 39 автобуспен соқтығысқан.

"Полиция № 20 автобустың жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Оның жүргізушісі жол ережесін бұзғандар реестрінен табылмады. Жолаушылар көлігін 5 жылдан бері жүргізіп келеді. Рейске шығар алдында, таңғы сағат 06.00-де медициналық тексеруден өткен", - делінген хабарламада.

Компания мәліметінше, 1961 жылы және 1954 жылы туған екі әйел түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Компания жүргізушіні тәртіптік кеңеске салуды және жұмыстан шеттетуді көздеп отыр.

Дереккөз: sputnik 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде