{metadescription}
Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды

Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды

Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.

«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде