{metadescription}
Головкин Ұлыбританияда жекепе-жек өткізуге дайын екендігін айтты

Головкин Ұлыбританияда жекепе-жек өткізуге дайын екендігін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Ұлыбританияға барып, екінші айқас өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

«Егер үстелімнің үстінде қызықты ұсыныс болса, Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге сұраныс болса, оны қарауға дайынмын. Себебі, онда менің ең көп жанкүйерлер тобымның бірі бар», - деді Головкин.

Еске салайық, 39 жастағы қазақстандық Ұлыбританияда 2016 жылы айқас өткізді. Головкин жергілікті боксшы Келл Брукпен (39-3, 27 КО) жұдырықтасып, оны бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.

Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен 29 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде