{metadescription}
Дауыл салдарынан 112 мың адам жарықсыз қалды

Дауыл салдарынан 112 мың адам жарықсыз қалды

Жұма күні кешке Ұлыбританияға келген «Арвен» дауылы салдарынан үш адам мерт болды.

Бір күн бұрын Біріккен Корольдіктің метеорологиялық қызметі күшті желдің салдарынан ел аумағында қауіптің ең жоғары қызыл деңгейін жариялады. Дауылдың екпіні 44 м/с-ке жетті. Англияның солтүстігінде 112 мың адам электр желілерінің үзілуіне байланысты жарықсыз қалды.

Сондай-ақ «Арвен» дауылы екпінді желден бөлек, Шотландия, солтүтік және орталық Англияға қар әкелген.
Сенбі күні таңертең жел басылып, билік мұз бен қардың салдарынан ауа райы қолайсыз болатынын ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде