{metadescription}
ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

ШҚО тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері сот санкциясымен тінту жүргізу барысында Ұлан ауданы тұрғындарының бірінің үйінен заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі мен оның оқ-дәрілерін тапты.

Тәркіленген төрт мылтықтың ішінде:

– оқпанды қолдан қысқарту арқылы жасалған 16 калибрлі  тегіс ұңғылы мылтықтың бір кесіндісі;

– калибрі 5,6 мм” ТОЗ ” маркалы бір ойық мылтық;

– 16 калибрлі екі тегіс ұңғылы мылтық.

"Аталған факті бойынша 54 жастағы күдіктіге қатысты ҚР Қнің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", – дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазір уақытта  тәртіп сақшылары бір уақытта ер адамның бұл қаруды қандай мақсатта сақтағанын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде