{metadescription}
Коронавирустың «Омикрон» штамы Ұлыбританияда 2 адамнан табылды

Коронавирустың «Омикрон» штамы Ұлыбританияда 2 адамнан табылды

Коронавирустың жаңа штамы Оңтүстік Африкадан бөлек, «Омикрон» Бельгия, Израиль, Ботсван және Гонконгте табылды.

Сенбі күні жаңа нұсқаның анықталғаны туралы Чехия мен Германия жариялады. Бұдан бөлек, вирустың жаңа мутациясы Ұлыбританияда екі адамнан табылды, деді елдің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид. Оның айтуынша, екі жағдай да өзара және Африкамен байланысты. Науқастар қазір үйлерінде оқшауланып жатыр. Ел премьері Борис Джонсон «Омикрон» түрінің тез таралатынын мәлімдеді. Израиль үкіметінің жауапты министрлері сенбі күні «Омикрон» нұсқасымен күресу тәсілдерін талқылады, деп хабарлады «Гааретц» газеті.

Бүгінде Израильде Малавиден келген әйелдің «Омикрон» жұқтырғаны анықталған. Тағы жеті науқас осы штамм жұқтыруы мүмкін деген қауіп тудыруда, деді сенбі күні денсаулық сақтау министрлігінен. Олардың төртеуі таяуда шетелде болған. Бірінші кезеңде елге кіретін израильдіктер үшін үш күндік карантин мен екі міндетті тест енгізу туралы шешім қабылданды. Бірін - елге келгенде, екіншісін 72 сағаттан кейін тапсырады. Шетелдіктерге елге кіруге уақытша шектеу қойылды. Чехияның Либерец қаласындағы ауруханада «Омикрон» жұқтырған бір науқас табылды, деп мәлімдеді аурухана өкілі Вацлав Рикар.

«Менің генетика мен молекулярлық диагностика бөліміндегі әріптестерім 90% ықтималдылықпен бұл штаммды секвенсинг арқылы растап отыр», - деді ол.

Сенбі күні Чехия премьері Андрей Бабиш журналистерге әйелдің таяуда Намибияда болғанын, Чехияға ОАР мен Дубай арқылы оралғанын айтты.

«Науқастың қайдан келгенін есепке ала отырып, бұның сол штамм екеніне шүбәміз жоқ», - деді Рикар.

Жұма күні кешке Ресей 28 қарашадан бастап Оңтүстік Африка, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Эсватини және Танзания, сондай-ақ Мадагаскар мен Гонконг азаматтарының кіруіне шектеу қойғаны белгілі болды. Осыған ұқсас шараларды бірнеше еуропалық мемлекеттер мен Ұлыбритания енгізді (сенбіде Лондон тағы да «қызыл тізімді» кеңейтіп, оған Ангола, Замбия, Малави және Мозамбик кіргізді). Дүйсенбіден бастап АҚШ Африканың бірнеше елінен ұшуға тыйым салды, деп жазады ҚазАқпарат. Вирустың жаңа нұсқасы туралы мәлімдемесінде президент Джо Байден Дүниежүзілік сауда ұйымын ковидке қарсы вакциналарға патент алып тастауға шақырды.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка елдері мен Гонконгтан табылған коронавирустың жаңа штаммына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» деген атау беріп үлгерді. Ғалымдардың айтуынша, омикронда мутация өте көп. Бұрынғы штаммдарға салыстырғанда қауіпті бола ма деген алаң бар. Ұйымның өкілі Мария Ван Керкхове-нің мәлімдеуінше, бұл штамм соңына дейін емделмеген адамнан тарауы мүмкін. 

Омикрон қалай және қашан анықталды

Таяуда пациенттер коронавирустың өзгеше бір симптомына шағымдана бастады. Сол кезде дәрігерлер мутацияның жаңа түрі шыққанын түсінді. Емханаға барған науқастардың көбісі – жастар. Олардың барлығы қатты шаршап жүргенін айтқан. Пациенттердің ішінде алты жасар бала да болды. Оның тамыр соғысы жиілеп, дене қызуы көтеріліп кеткен. Екі күннен кейін жағдайы жақсарды. Коронавирустың жаңа штамына шалдыққандар иіс, дәм сезу қабілетінен айырылмаған.

«Мен бұған дейін ондай симптомдарды көрген жоқпын», - дейді Кутзее.  

Анжелик коронавирустың жаңа белгісін 20 науқастан байқаған. Олардың барлығы ПТР-тест тапсырып, оң нәтиже алған. Пациенттердің дені – денсаулығы мықты ер адамдар. Бәрі қатты шаршап жүргенін айтты. 

Омикрон-штамм қай жерде анықталды

Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, Оңтүстік Африка Республикасында шамамен 100 науқас анықталды. Басқа мемлекеттер де омикрон-штамм табылған. Олар:

  • Гонконг;
  • Израиль;
  • Бельгия;
  • Чехия;
  • Германия;
  • Ұлыбритания;
  • Италия;
  • Аустралия;
  • Нидерланд;
  • Австрия.

Барлық жағдайда вирус сырттан әкелінген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен келетін адамдарды кіргізуге тыйым салып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде