{metadescription}
Ақтөбе облысында екі оқушыны көлік қағып кетті

Ақтөбе облысында екі оқушыны көлік қағып кетті

Екі оқушы да қазір ауруханада жатыр, жол апатының бірі мектеп маңында болған.

Ақтөбе облысында екі мектеп оқушысы көлік астына түсті. Бірінші жол апаты 26 қараша 12:40 шамасында Алға қаласында болған. Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, Daewoo Nexia жүргізушісі Есет батыр көшесімен келе жатып, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Анықталғандай, жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде оқушыға жол бермеген.

Салдарынан 9 жасар қыз Ақтөбедегі облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Келесі күні, 27 қарашада Қандыағашта тағы бір жол апаты тіркелді.

Audi-80 жүргізушісі 10 жастағы оқушыны қағып кеткен. Оқиға №5 орта мектептің маңында болды. Салдарынан кәмелетке толмаған қыз Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде