{metadescription}
Карантинге жабылған әйел қонақүйді өртеп жіберді

Карантинге жабылған әйел қонақүйді өртеп жіберді

Аустралиялық әйел карантинге жабылған қонақүйді өртеп жіберді.

Кэрнс қаласындағы қонақүйлердің бірінде екі баласымен демалып жатқан әйел от қойды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, қонақүй келушісі өрт жақты деп айыпталды. Отқа оранған қонақ үй кадрлары 9News басылымының Twitter-дегі парақшасында жарияланды. 

28 қараша күні таңертең болған оқиғадан кейін Pacific Hotel Cairns қонақ үйінің 11-қабаты түгел өртеніп кеткен. 160-қа жуық келуші дер кезінде эвакуацияланған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдарының болжамынша, 31 жастағы әйел төсектің астында от жаққан. 
Әйел бірнеше күн бойы карантинде болған. Қазіргі уақытта өртті ұйымдастырған әйел қамауда, ал балалар полицейлердің қарамағында. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде