{metadescription}
Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды

Қостанайда 5-қабаттан құлаған бойжеткен мерт болды

Қостанайдағы шағын ауданда көпқабатты үйлердің бірінде 23 жастағы бойжеткен 5-қабаттан құлады.

Бұл фактіге қатысты Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

«23 жастағы бойжеткен құлап кеткен. Жедел жәрдемге таңғы сағат 5.15-те қоңырау түсті. Қыз жедел жәрдем көлігі келгенге дейін мерт болған. Қатты жарақат алып, содан көз жұмған», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қостанай облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік бермеді. Еске салайық, бір апта бұрын ғана осындай жағдай Рудныйда болған еді. 4-қабаттың балконынан 41 жастағы әйел құлаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде