{metadescription}
Мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан Шу тұрғыны ұсталды

Мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан Шу тұрғыны ұсталды

Шу ауданында мектепте жарылғыш зат қойылды деген жалған ақпарат таратқан тұрғын ұсталды.

Шу ауданы полиция бөліміне белгісіз тұлға қоңырау шалып, Шу ауданы Төлеби ауылында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебінің ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы, яғни дайындап жатқан терроризм актісі жайлы хабарлаған. Полиция қызметкерлерімен жедел түрде тиісті шаралар қолданылып, мектеп ғимаратынан 300-ден астам адамды эвакувациялау жұмыстары жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады. Тәртіп сақшыларымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу ауданы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде