{metadescription}
Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Шымкентте 650 млн теңге салықты төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Aгенттіктнің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті азамат А.Сазоновтың бюджетке салық төлемеу дерегін анықтады.

«А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген. Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды», - делінген хабарламада.

Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салықтар түрінде залал келген. А.Сазонов сотталып, одан залал сомасы өндірілді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, салық – бұл мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлем, оның есебінен мемлекеттік аппарат жұмыс істейді, сондай-ақ халықты қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар іске асырылады. Алайда, салық жарналарын төлеуден жалтарып жүрген жосықсыз кәсіпкерлер де бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде