{metadescription}
Қазақстанда желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Қазақстанда желтоқсан айында ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2021 жылғы желтоқсанға арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады.

Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтілуде, еліміздің солтүстік жартысы мен батысында нормадан 1° жоғары.

“Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп болып болжанады. Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайтын болады, алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді, жауын-шашын күтіледі, көбінесе қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады”, – дейді синоптиктер. 

Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.

“Желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантады: солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды; республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін. Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде”, – дейді мамандар. 

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады.

“Батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін; солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін; Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін; Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяздардың әлсіреуі болжанады.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындарының қайтуы күтіледі. Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады”, – деп мәлімдеді Қазгидромет.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді. Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде қарлы боран мен желдің күшеюі ҚР солтүстік жартысында және тау бөктерінде күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде