{metadescription}
Семейде 20 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Семейде 20 жастағы жігітті қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Land Rover көлігінің 29 жастағы жүргізушісі ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды

Семейде қыз бен жігітті көлік қағып кетті, деп хабарлады altaynews.kz. Жол апатынан 20 жастағы жігіт көз жұмды. Трагедия Қабанбай батыр мен Гете көшелерінің қиылысында болған. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1 желтоқсан күні шамамен сағат 22.20 кезінде Land Rover көлігін тізгіндеген 29 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан қыз бен жігітті қағып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жол апаты салдарынан 20 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, ал 16 жастағы қыз түрлі дене жарақатымен тез арада ауруханаға жетізілді. Ал жүргізуші ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды", - дейді ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта аталған факті негізінде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.