{metadescription}
БҚО-да полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

БҚО-да полиция қызметкерінің қатысуымен болған жол апатынан бір адам қаза тапты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 желтоқсан күні сағат 19.15-те Орал-Тасқала жолының 46-шақырымында болды.

Полиция қызметкері жүргізген Hyundai Accent автокөлігі Lada Largus автокөлігімен соқтығысты. Соның салдарынан бір адам қаза тауып, түрлі жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл іс департамент басшылығының бақылауына алынды, ол бойынша объективті және жан-

жақты тергеу жүргізіліп, кінәлі адам жауапқа тартылатын болады. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізілуде. Бұл қызметкер міндетті түрде теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылады. Оған қоса осы салаға жетекшілік ететін басшыларға қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылатын болады», - деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.