{metadescription}
Ер адам әйелінен кешірім сұраймын деп енесін ашуландырып алды

Ер адам әйелінен кешірім сұраймын деп енесін ашуландырып алды

Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны ақшасы жетпегендіктен осындай қадамға барғанын мойындады.

Алматы облысының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін әйелімен татуласу үшін дүкеннен гүл шоғын ұрлап алған. Полиция ақпаратынша, 25 қарашада Қаратал ауданы Үштөбе қаласынан шағым түсті. Сатушы қоңырау шалып, гүл дүкенінен гүл шоғы ұрланғанын айтқан. Әйел ұрыны есте сақтап қалған. Шақырту бойынша келген полицейлерге оны сипаттап берген.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Үштөбенің 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам ақшасы жетпегендіктен жары үшін осындай қадамға барғанын мойындады.

"Ол әйеліне голландиялық раушан гүлдерді сыйлап, онымен татуласып, кінәсін жуып-шаймақ болған", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полициядағылар хабарлағандай, ұрланған гүлді күдіктінің енесі қайтарған. Ол күйеу баласының бұл қылығына қатты ашуланыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.