{metadescription}
СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

СҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысының сотына жаңа төраға тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бұл қызметті Ербол Жанғазин атқармақ. Бүгін СҚО сотының жаңа төрағасын ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин таныстырды. Іс-шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов, өңірдегі құқық қорғау органының жетекшісі, облыстық және аудандық соттың судьялары қатысты.

Ербол Жанғазин 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995 жылдан бастап Алматы қаласында судья, Алатау аудандық сотының төрағасы, Павлодар облыстық, Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы болып жұмыс істеді. Ал бұған дейін СҚО сотын басқарған Ерлан Айтжанов Алматы қалалық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде