{metadescription}
Алматыда «ETU Robocon 2021» роботтар жарысы өтеді

Алматыда «ETU Robocon 2021» роботтар жарысы өтеді

Бүгін Алматыда «ETU Robocon 2021» жоғары оқу орындары арасында робототехникадан ІІ республикалық чемпионат өтеді.

Роботтар жарысын Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Еуразия технологиялық университеті және TMK DevelopmentGroup компаниясы ұйымдастырды. Іс-шара  ҚР Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және «Цифрлы Қазақстан» және «Рухани жаңғыру»  бағдарламаларын дамыту және іске асыру аясындаұйымдастырылып отыр.

Жобаның мақсаты – жас дарынды қазақстандықтардың жаңа технологиялар мен робототехника саласында, мейлі ол стартаптар құру, инновациялық шешімдерді әзірлеу, бағдарламалау, инжиниринг және т.б. бағыттарда қабілеттерін арттыру.

Жарыстың ашылу рәсімінде Алматыдағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өкілдігінің директоры Сергей Тоқтаров: «Қазақстанда цифрландыруды дамытуда бұл чемпионат қазақстандық студенттердің өз таланттарын дәлелдейтін, робототехникадан мықты жақтарын көрсететін, тәлімгерлерден беделді қолдау көретін және өз үлесін қосатын ауқымды алаң» екенін атап өтті.

«Қазақстандық жастар мәдениет, өнер, ғылым, зерттеу, инновация секілді түрлі салаларда жоғары деңгейдегі шеберліктері мен қабілеттерін ұштастыра отырып, өздерін жақсы қырынан көрсете алады. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жас таланты қазақстандықтарға  әсер ету және көмек көрсету, республикадағы жас ұрпақтың талантынұштау мақсатында белсенді түрде мұндай жобаларға қолдау білдіріп келеді», –  деді спикер.

«Сіздерді Алматыда көргеніме қуаныштымын. Алматы – елдегі жастардың, студенттердің, іскерлік ортасы. Алматы жас таланттар мен батыл бастамаларға ашық. Осы чемпионатта және өмірде барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!«Robocon 2021» сізге кәсіби тұрғыдан өсу, байланыс орнату және шығармашылық тұрғыдан жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін. «ETU Robocon 2021» чемпионатын болашақта әлемдік технология нарығындағы бәсекелестікке дайындық сынағы ретінде қарастыруға болады», – деді жарысқа қатысушылардың алдында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Сондай-ақ чемпионатқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев құттықтап, «ETU Robocon 2021» жастар арасында робототехникаға деген қызығушылықты қолдауға және дамытуға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар ол, «чемпионат алғаш рет 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен жоғары деңгейде өтті.  Оған отандық жоғары оқу орындарының студенттерінің бастамашыл топтары қатысып, жаңа робототехника зертханалары әзірленіп, жаңа робототехника зертханалары құрылғанын» еске салды.

«ETU Robocon 2021 чемпионаты» – Arduino платформасына негізделген студенттік робототехника командалары арасындағы жарыс.Ол жас ғалымдарға дизайн мен механика, электроникадан бастап, робот интеллект бағдарламасын жазуға дейін роботтарды нөлден жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, чемпионаттың әрбір қатысушысы IT, электроника және робототехника саласындағы ғылыммен айналысатын кез келген ғылыми институтта кіші лаборант лауазымына лайықты дайын жас маман боп шығады.

Биыл «ETU Robocon 2021» көрмесіне Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Өскемен және Алматы облыстарынан студенттерден құралған 13 команда қатысады. Чемпионатқа дейін жас дизайнерлер өз университеттерінің базасында тәлімгерлердің көмегімен әрқайсысы екі робот құрастырды: автоматтандырылған және басқарылатын. Оларға 6-8 ай қажет болды. Біріншісінің міндеті –экспромттық планетаға «зымыран» жіберу, ал екіншісі белгілі бір траектория бойынша қозғалып, тесікке шарларды тиеу керек.

Айта кетейік, барлық робот картон, пластик, металл, батарея,  арқан секілді және т.б. заттардан нөлден бастап құрастырылған. Мұндай қатысушылардың қиялына шектеу жоқ. Бастысы шарт – құрылғы Arduino платформасында жұмыс істеуі керек.Бұл өзінің процессоры мен жадысы бар шағын тақта. Барлық қажетті параметрлері бар, алдын ала жазылған бағдарлама процессорға жүктеледі, сол арқылы робот басқарылады.

Сайысқа қатысушылар жасаған роботтарды білікті қазылар алқасы бағалайды. Олардың қатарында: Еуразиялық технологиялық университетінің IT кафедрасының меңгерушісі, РЖА профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Василий Сербин,«Бозбала» жобасының негізін қалаушы, BOSHON робототехника мектебінің негізін қалаушы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы робототехника және жаңа технологиялар зертханасының меңгерушісіДастан Рахатов;«DOSTI» инновациялық орталығының білім беру жобаларының жетекшісіАбдулазизжонВафаев; Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесінің мүшесі, «ЛЕС» жобалық тобының жетекшісіНиколай Верещагин; AlmatyManagementUniversity Ақпараттық-ресурстықдепартаментінің директорыТимур Бұлдыбаев бар.

Бұл жолы барлық іс-шара «AlmatyArena» мұз сарайында арнайы жабдықталған ойын алаңында өтеді. Байқау жеңімпаздарына 3D принтер, квадрокоптер, ноутбук түріндегі бағалы сыйлықтар және Еуразия технологиялық университетінде оқуға жеңілдіктер мен гранттар беріледі.

Іс-шара санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізіледі. Шараның трансляциясы YouTubehttps://youtu.be/LTYyta3Y9L0каналында көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде