{metadescription}
Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Атыраулық қол күресінің шеберлері әлем чемпионатының жүлдегері атанды.

Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 28-30 қарашада Румыния Республикасының астанасы – Бухарест қаласында пара-қол күресінен әлем чемпионаты өткен.

«Әлем чемпионатына 44 мемлекеттің үздік спортшылары сынға түсті. Қазақстан Республикасының намысын қорғаған құрама командасы сапындағы атыраулық 2 спортшы 2 күміс және 1 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, әйелдер арасындағы ауыр салмақта Әсия Нәбиева оң және сол қол күресінен екі күміс жүлдені иеленді. Ерлер арасында 90 келіде бақ сынаған Аслан Қайрошев оң қол күресінен қола жүлдегер атанды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде