{metadescription}
Алматыда жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады

Алматыда жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылады

М. Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов брифинг барысында жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары қашан іске қосылатынын айтты.

«Қазіргі таңда аудан аумағында жолаушылар арасында үлкен сұранысқа ие бір ғана «Мәскеу» стансасы бар. Бүгінгі күні тағы екеуі салынып жатыр. Олар «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» стансалары. Екі бекетте де әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Содан кейін жылжымалы құрамды сынау жүргізіледі. Шамамен метрополитен әкімшілігінің болжамы бойынша, келесі жылдың бірінші және екінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр», - деді аудан әкімі Сайран Сайфеденов.

Сонымен қатар, ол вагон мен пойызды сынақтан өткізу белгілі бір уақытты қажет ететінін жеткізді, деп ҚазАқпарат.

«Сынақтан кейін жолаушылар желілері іске қосылып, метро ашылады», - деді спикер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде