{metadescription}
Ақтөбе облысында интимдік қызмет көрсеткен 15 қыз және 3 сутенер анықталды

Ақтөбе облысында интимдік қызмет көрсеткен 15 қыз және 3 сутенер анықталды

Ақтөбе облысының аумағында “Ѕtop-трафик” республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

Аталған іс-шара адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған. Тәртіп сақшылары пәтерлерді, жалға беретін ойын-сауық орындарын, моншалар, сауналар мен қонақ үйлерді, сондай-ақ адамның еңбегін заңсыз пайдалану, ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмыстарын ашу мақсатында шаруа, фермер қожалықтары мен құрылыс объектілерін тексерді.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы барысында қоғамдық орындарда тиісудің 63 дерегі анықталды. Үш дерек негізінде ҚР ҚК-нің 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) және бір дерек негізінде ҚР ҚК-нің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар берудің үш дерегі анықталды. Ақшаға интимдік қызмет көрсеткен 15 қыз және үш сутенер анықталды және есепке алынды. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде