{metadescription}
Батыс Қазақстанда ер адамды көршілері қатыгездікпен өлтірді

Батыс Қазақстанда ер адамды көршілері қатыгездікпен өлтірді

Бес күннен кейін Михаилдің өлі денесі Жайық өзенінен табылды.

Ал сол күні көршінің үйінде болған барлық адамды ұстап әкетті. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Январцево аулында жантүршігерлік қылмыс жасалды. Бес күннен кейін ер адамның денесі Жайық өзенінен табылды.

Жергілікті mgorod.kz порталының хабарлауынша, 34 жастағы Михаил Крайнов 25 қараша күні көрші үйге кірген. Бірақ қайта шыққан жоқ. Содан оның қарындасы – Клавдия Крайнова дабыл қағып, ағасын іздей бастаған, деп жазады sputnik.

"Сол күні Миша алдымен біздің үйде болған, сәл ішіп алған еді. Өзі көп ішпейді. Ал кетерінің алдында далаға шығып, темекі шеккен. Содан қатты масайып кеті. Мен оны шығарып саламын деп ойлағанмын. Бірақ балалар мектептен келетін болған соң, шыға алмадым. Онымен бірге анам барды. Үйіне дейін шығарып салды. Бірақ ол көршінің үйіне кіріп кетті", - дейді Клавдия.

Екі сағаттан кейін Клавдия ағасының досынан Михаилді көріп келуге өтініш жасады. Анасы да еріп барды. Бірақ ол үйінде жоқ болып шықты. Жұбайы әлі келмегенін айтты.

"Ертеңінде жеңгем екеуіміз көршінің үйіне бардық. Әдетте сөйлесіп кететінбіз. Бірақ осы жолы үйлеріне кірсек, үстел басында ер адамдар арақ ішіп отыр. Бәрі үндемейді. "Миша қайда?" деп сұрап едім, өздерін оғаш ұстады, біреуі кері бұрылып, отыра қалды. Бірде-бір сөз айтпайды. Сосын біреуі Мишаның мүлдем келмегенін айтты. Бірақ жүрегім оның тірі емес екенін сезді", - деп атап өтті ол.

Осыдан кейін Михаилдың туған-туыстары полицияға арыз түсіріп, ер адамды өздігімен іздеуге кірісті. Сол үйге қайтадан барды. Клавдия барлық шамның жарылып кеткенін байқады. Ал жерде қанның іздері болды.

"Қанды байқағанымызды көрген көрші бізді қуа бастады. Дәлел ретінде қанды алайын десем, мұрша бермеді. Айқайлады, ұрысты, арнайы құжатпен келіңдер деп шықты. Содан ары қарай іздей бастадық. Дәретханаға кірдік. Оның ішінде қанға боялған бау жатыр. Сол кезде оны тұншықтыр өлтіргенін түсіндім", - дейді Клавдия.

Бес күннен кейін Михаилдің өлі денесі Жайық өзенінен табылды. Ал сол күні көршінің үйінде болған барлық адамды ұстап әкетті. Біреуі ағынан жарылып, кінәні өз мойнына алды. Бірақ Клавдия оған сенбей отыр. Бір адам тепсе темір үзетін Михаилді өлтіре алмайды дейді ол.

"Біріншіден, ол кісі физикалық тұрғыда Мишаға қарсы тұра алмайды. Екіншіден, қылмыстың мән-жайына қарағанда оны басқа адам жасаған. Михаилдың тамағына істікті қадаған. Ол жерде адамның бармағы сыятын тесік қалды. Артынан тұншықтырған. Бетін быт-шын қылған, сау жері қалмады. Балғамен ұрған сияқты. Сосын айғақтарды жасыру үшін денесін Жайыққа лақтырып тастаған", - деді қарындасы.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті қайтыс болған ер адамның із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болғанын растады. 30 қараша күні Январцево ауылын жақын жерде Жайық өзенінің жағасында Михаилдің денесі табылды. Оны зорлықпен өлтіргені анықталды. Себебі денесінде жарақат іздері бар.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Махамбет Темірбаевтың айтуынша, күдікті ұсталды. Ол – марқұмның ауылдасы. Оны уақытша ұстау абақтысына қамап қойды.

Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыс жанжалдық нәтижесінде жасалды. Оны куәгерлер де растап отыр. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыс құралы да табылды.

Михаилды, шынымен де, көршінің үйінде өлтірген. Оны металл затпен ұрған, сосын тұншықтырды. Оның артында үш баласы қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде