{metadescription}
Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды

Сақалдың рак ауруынан қорғайтыны анықталды

Санлерленд университетінің мұғалімі әрі хирург Каран Рангарджан өзінің TikTok парақшасында сақалдың ел күтпеген пайдасын атады.

Дәрігердің айтуынша, сақалы бар ер азаматтардың бактериялық инфекцияларды жұқтыру қаупі төмен. Сондай-ақ, сақалды жігіттер рак ауруына сирек шалдығады, деп хабарлайды Stan.kz. 

"Мамандар сақалды және сақалсыз аурухана қызметкерлерін салыстырды. Зерттеу нәтижесі таза қырылған бетке қауіпті метициллин-резистентті сары стафилококк (МРЗС) қауіпті бактериясы үш есеге көп жұғады", - деді дәрігер. 

Дәрігердің айтуынша, бактерия кең қолданыстағы антибиотиктерге қарсы тұра алады. Басқа көптеген инфекциялармен салыстырғанда, одан жазылу өте қиын. 

"Қырынудың әсерінен болатын зақым бұл бактериялар үшін қолайлы орта болып табылады. Зерттеу нәтижесі осымен байланысты болуы мүмкін", - деп болжады дәрігер. 

Каран Рангарджанның айтуынша, сақал тері обыры мен күннен күйіп қалудан қорғайды. Бетте шаштың болуы ультракүлгін сәулесінің әсерін үш есеге азайтады екен. Дәрігер күннен қорғайтын иісмайды қандай жағдай да қолдануға кеңес берді. Маманның сөзіне қарағанда, сақал ер адамдардың терісінің жұмсақ болуына жағдай жасайды. 

"Өйткені сақал күн сәулесінің түсуін тежеп, беттің қартаюын алдын алады. Сондай-ақ, қолмен бетті ұстай беруге кедергі келтіріп тұрады", - дейді дәрігер. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде