{metadescription}
Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен

Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен

Өскемен қаласында көшеде бірнеше жерден пышақталған ер адам табылды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға Назарбаев даңғылы бойында белгісіз ер адамның жатқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер оның 35 жастағы шаһар тұрғыны екенін анықтаған. Екі жақ кеудесіне пышақ кірген азамат ауруханаға жеткізілді.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері күдікті ретінде зардап шегушінің 48 жастағы танысын ұстады. Тергеу барысында сол күні кешке ер адамдардың алкогольді ішімдік ішкені белгілі болды. Кенет екеуі сөзге келмей қалғанда күдікті қолына пышақ алып, жәбірленушіге бірнеше рет сұғып жіберген», - делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде