{metadescription}
Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

Қазақстан мен Кувейт арасында әуе қатынасы ашылды

Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында аптасына 2 тұрақты әуе рейсі жасалуда.

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясы A320/A20N әуе кемесімен Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында жаңа бағыт бойынша аптасына 2 тұрақты рейс орындауды бастады», - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады. Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде