{metadescription}
Жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды – полиция түсінік берді

Жалдамалы пәтерден екі қыздың мәйіті табылды – полиция түсінік берді

Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды.

Ал екінші жағдайда жазатайым оқиға болған, дейді полицейлер, деп жазады Sputnik. Шымкент полициясы жалдамалы пәтерде екі қыздың қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық істердің жай-жапсарын жариялады. Бұған дейін бір апта ішінде Шымкентте тәуліктік пәтерлерден 23 жастағы екі қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов бір факті бойынша күдікті ұсталғанын, екінші жағдайда жазатайым оқиға болғанын айтты, деп хабарлады жергілікті Otyrar басылымы.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, кінәлілер жазаланады. Бір іс бойынша күдікті қамауға алынды. Ал екінші іске келсек, жазатайым оқиға болған", - деді қала полициясының басшысы.

Қыздардың бірінің денесін 25 қарашада Республика даңғылындағы тәуліктік тұрғын үйдің иесі тапқан. Іс бойынша 31 жастағы әйел күдікке ілінді.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды, тергеу жалғасып жатыр", - деді Ералы Жұмаханбетов.

Екінші қыздың денесін тәртіп сақшылары 30 қараша күні Тыныбаев көшесіндегі жалдамалы пәтерден тапты.

"Екінші іс бойынша күдікті жоқ, есік құлыптаулы болған, пәтерден мәйіт табылды. Барлық терезе жабық тұрған", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы.

Қала тұрғындары тәулікке және сағатқа жалға берілетін баспаналардың проблемасын көптен бері көтеріп келеді. Пәтер иелері салық органдарына есеп бермейтіндіктен, қаладағы жалдамалы пәтерлердің нақты саны туралы мәлімет жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

21 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.