{metadescription}
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 4 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 15 адам - коронавирустан, тағы 4 сырқат - пневмониядан қайтқан. Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында - 4 науқастан.

Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан облысында - 2, Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - бір адамнан көз жұмған. Еліміздің бірқатар өңірінде қайғылы жағдайлар болған. Тек Шымкент қаласы мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде