{metadescription}
Электр стансасында өрт шығып, 8 адам мерт болды

Электр стансасында өрт шығып, 8 адам мерт болды

Қытайдың солтүстік-шығысында Шаньси провинциясында электр стансасы аумағында өрт шығып, 8 адам мерт болды, тағы бесеуі жарақат алды. 

CCTV мәліметінше, өрт жергілікті уақытпен 6 желтоқсан түнгі сағат 01:36-да Шаньси провинциясы (Солтүстік-шығыс Қытай) Шоуян уезінде электр стансасы аумағындағы адам тұратын жерден шыққан. Өрт жергілікті уақытпен сағат 04:20-да ауыздықталды.

Салдарынан сегіз адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы бірқалыпты. Қазір өрттің қайдан, қалай шыққаны анықталып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде