{metadescription}
Футболдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өмірден озды

Футболдан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы өмірден озды

Футболдан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Виктор Ярышев 79 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Виктор Петрович павлодарлық футбол командасында тәлім алған. 1960 жылы ҚазССР оқушылар құрамасының сапында ойын өткізіп, КСРО халықтары Спартакиадасында қола медаль жеңіп алды. 1964 жылы әскерге шақыртылған ол Қарулы күштер командасына қосылып, чемпионатқа қатысты. Спортшы әскерден 1967 жылы қайтып келді. Отанға оралған соң павлодарлық "Трактордың" құрамында ойнады. Алайда ауыр жарақатына байланысты 1969 жылы мансабын тоқтатуға мәжбүр болды. 

1970 жылдан бастап Виктор Ярышев балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жаттықтырушы болып жұмыс істеді. 1990-жылдардың басында "Ертіс" командасында жаттықтырушы болып, команданы Бірінші лигадан Жоғарғы дивизионға алып шықты. 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Белгілі футболшылар Сергей Тимофеев, Ойрат садуов, Евгений Белов, Геннадий Луб, Серік Абдуалиев, Олег Рылов, Андрей Кучерявых Виктор Петровичтің тәрбиесін көріп, қол астында жаттыққан. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде