{metadescription}
Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті

Алматыда жас қыз көпқабатты тұрғын үйден секіріп кетті

Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ақсай 1А ауданындағы 8-үйде. Алматы қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған факті М.Әуезов аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелген. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске салсақ, 2 желтоқсанда Алматыда жасөспірім қыз өз-өзіне қол жұмсап, 12-қабаттан секірген еді. Б ұған дейін «Жетісу» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Әйел мен екі баласы оқиға орнында көз жұмса, тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде