{metadescription}
Дәрігер 40 жастан кейін ағзадағы холестеринді азайтатын азық-түлікті атады

Дәрігер 40 жастан кейін ағзадағы холестеринді азайтатын азық-түлікті атады

40 жастан асқан адамдар күнделікті рационды өзгертіп, холестерин деңгейін бәсеңдете алады.

Ал бұл жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу ықтималдылығын азайтады. Холестерин деңгейін қалай дұрыс бақылауға болады, 40 жастан кейін рационға қандай азық-түліктерді енгізу қажет?

"Орта жасқа келгенде адам бойында күрт өзгерістер пайда болады. Жасушалардың жаңару процесі баяулайды, созылмалы аурулар үдей түседі. Орта жастан асқаннан кейін жиі кездесетін проблеманың бірі – холестерин деңгейінің көтерілуі. Ал ол жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупін арттырады", - деп жазды "МК".

Қырықтан асқаннан кейін жас көрініп, өзіңді сергек сезіну үшін  сарапшылар спортпен шұғылдануға, таза ауада көп серуендеуге, зиянды әдеттерден бас тартуға, сондай-ақ міндетті түрде холестерин деңгейін бақылауға кеңес береді.

Тамақтану тәртібіндегі аздаған өзгерістің өзі қандағы холестеринді қалпына келтіре алады. Диетолог дәрігер Меган Мешер-Кокс Eat This, Not That! порталына берген сұхбатында науқастарға жеміс пен көкөністі міндетті түрде және тұрақты тұтынуға кеңес беретінін айтты, деп жазады sputnik.

Сарапшының айтуынша, таңғы асқа аздаған мөлшерде жеміс қосудың өзі көп күттірмей нәтиже береді. Сондықтан ыстық тамаққа қосымша ретінде көкөніс гарнирін жеуді әдетке айналдырған абзал.

"Көкөніс пен жемісті тұрақты тұтыну арқылы созылмалы аурулардан сақтануға болады", - дейді диетолог.

Ол мұндай рацион жүрек ауруларынан, диабеттен қорғайды.

Қартаюды бәсеңдететін азық-түлік

Біраз бұрын медицина ғылымдарының докторы және "Смузи көмегімен арықтау" кітабының авторы Лаура Бурак 50 жастан асқан адамдар үшін авокадо өте пайдалы екенін мәлімдеген болатын. Авокадо теріні тегістеп, жасаруға көмектеседі. Бұл жеміс терінің өлі жасушаларынан арылуға ықпал ететін А дәруменіне бай.

Сонымен қатар құрамында омега-3 май қышқылдары бар балықтың кейбір түрі де ерте қартаюды бәсеңдетеді. Оның қатарында албырт, нәлім мен майшабақ бар. PLEFA жариялаған зерттеуде омега-3 май қышқылдарымен тұрақты түрде диета ұстау Альцгеймер ауруының пайда болу қаупін төмендететіні жазылған.

Сондай-ақ А және С дәруменіне бай қаражидек те терінің балғындығын сақтайды. Бұл жидек терінің зақымдалуы мен қартаюына алып келетін қабынуды баса алады. Антиоксидант және биологиялық белсенді қоспаларға бай құлпынай, бүлдірген және таңқурай сынды басқа жидектерді де қартаюға қарсы суперөнім деп атауға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде