{metadescription}
Алматыда жолдың бойында жылу трассасы жарылды

Алматыда жолдың бойында жылу трассасы жарылды

Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылды.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін таңертең Т. Рысқұлов даңғылы мен І. Жансүгіров көшесінің қиылысына жақын жердегі учаскеде жылу магистралі жарылды. Апат болған жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС жедел тобы жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады компаниядан.

Тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету жедел қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қалалық полиция департаменті жүргізушілерге апат болған көшені айналып өтуге кеңес берді.

«Жылу трассасының жарылуына байланысты, Т. Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта І. Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылды. Шектеу жол қалпына келгенше күшінде болады. Қозғалысқа қатысушыларды алдын ала бағдарын түзетіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», - деп хабарлады полициядан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.