{metadescription}
Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды

Жамбылдан Алматыға ірі көлемде есірткі тасымалдаған топ ұсталды

Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады.

Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты.

«Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні қайта сату үшін сатып алғаны анықталды.Тергеу барысында белгілі болғандай, ірі көлемдегі марихуана есірткісін Жамбыл облысынан әкеліп отырған», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің көлігін полицейлер қалаға кіреберісте бөгеп тастаған. Жеке тінту барысында «марихуана» және «шишка» тұқымы табылып, тәркіленді.

«Есірткі жеткізушілерді жою бойынша арнайы іс-шара Жамбыл облысында өтті. Басып алу тобы пайда болған кезде үй иелері есіктерін құлыптап, заттай айғақты дәретханаға ағызып, жоюға әрекеттенген. Бірақ оларынан түк шықпады. Рұқсат етілген тінту кезінде жасырылған марихуана тұқымы, ұнтақ түріндегі есірткі заты бар капсулалар және 160 дана тегіс ұңғылы шолақ мылтығының оқтары, 60 қолдан жасалған патрон, бірнеше қолдан жасалған аңшылық пышақ табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, ерекше иісі бар металл ыдыстары да тәркіленді. Үйдің ауласынан 18 гүл құмарасымен есірткі өсірілетін жылыжай анықталды, – деді полиция өкілі.

Есірткі затын сату мақсатында аса ірі көлемде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.