{metadescription}
Елордада жасөспірімдер театр күзетшісін соққыға жықты

Елордада жасөспірімдер театр күзетшісін соққыға жықты

Елорданың «102» нөміріне кәмелет жасына толмағандардың Қонаев көшесінде театр күзетшісін соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 14-16 жастағы жасөспірімдердің сағат 18:30 шамасында театр жанындағы алаңға келіп, скейт тепкені анықталды. Театр күзетшісі балалардың жанына келіп, оларға ескерту жасаған. Жасөспірімдер күзетшінің сөзіне құлақ аспай, оны балағаттап жіберді.

Сол кезде ер адам олардың бірінің сөмкесі мен скейтін қолына алып, полицияны шақырмақ болды. Жасөспірімдер оны жан-жақтан соққыға жықты. «Есіл» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Кәмелеттік зжасқа толмағандар полицияның арнайы есебіне алынды. Олардың ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ата-аналарды балаларының жүріс-тұрысын қадағалап, заңға қайшы әрекеттерді жасау үшін артылатын жауапкершілікті түсіндіру қажеттігін ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.